Алдағы 4 жылда 5 мың шақырым жаңа теміржол салынады – Үкімет басшысы
Еліміз 2023 жылға қарай транзт көлемін жылына 100 млн тонна жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Теміржолдар ынтымақтастығы ұйымы конференциясының 40-отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты.
- Қазақстан – жаһандық мұхитқа тікелей шығар жолы жоқ әлемдегі ең ірі мемлекет. Бірақ біз осы географиялық ерекшелікті стратегиялық артықшылығымызға айналдыру бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Соңғы 15 жылда біз көлік саласына шамамен 35 млрд доллар қаражат салдық. 2 500 шақырымнан астам жаңа магистральдық жолдар салынды, - деді Премьер-министр.
Үкімет басшысы бүгінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» бағыты бойынша барлық құрлықтағы транзиттік тасымалдардың 85 пайызға жуығы Қазақстан арқылы өтетінін айтты.
- Бірақ мұнымен тоқтап қалмаймыз. Алдағы 4 жылда тағы 5 мың шақырым жаңа теміржол салуды жоспарлап отырмыз. Біздің мақсатымыз –2035 жылға қарай транзит көлемін жылына 100 млн тоннаға дейін жеткізу, - деді Олжас Бектенов.