Александр Масляков қайтыс болды

8 Қыркүйек 2024

Ресейлік және кеңестік танымал тележүргізуші Александр Масляков 83 жасында дүниеден озды.

ТАСС
ТАСС

 Бұл туралы КВН халықаралық одағы хабарлады.

«2024 жылдың 8 қыркүйегінде Александр Васильевич Масляковтың қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз. Ол КВН қозғалысының барлық қатысушылары мен миллиондаған көрермендер үшін мәңгілік аңыз болды және болып қала береді», - деп хабарланды КВН ресми парақшасында.

А. Масляков 1964 жылдан бері "КВН" бағдарламасын жүргізіп, Ресейде және одан тыс жерлерде әзіл мен сатираның символына айналды.

«Ол көптеген марапаттарға ие болды, "Отанға сіңірген еңбегі үшін" орденінің толық кавалері және «АМиК» шығармашылық бірлестігінің негізін қалады. Оның отандық ойын-сауық теледидарының дамуына қосқан үлесін асыра бағалау мүмкін емес», - дейді әріптестері.

Тегтер: