Әлем кубогы: Қазақстандық боксшылардың финалдағы қарсыластары кімдер

6 Шілде 2025

Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында бүгін, 6 шілдеде финалда қазақстандық боксшылардың қарсыластары белгілі болды.

ҰОК
ҰОК

Финалда еліміздің атынан он екі боксшы сынға түседі.

Күндізгі сессия қазақстандық уақытпен 14:00, кешкі сессия 19:00-де басталады. Бұл жекпе-жектер «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Күндізгі сессия

1 жұп. Әйелдер. 48 келі. Назым Қызайбай - Минакши (Үндістан)

2 жұп. Ерлер. 55 келі. Махмуд Сабырхан - Руй Ямагучи (Жапония)

3 жұп. Ерлер. 80 келі. Нұрбек Оралбай - Йожерлен Сезар (Франция)

4 жұп. Ерлер. 85 келі. Бекзад Нұрдәулетов - Джугну (Үндістан)

6 жұп. Әйелдер. 60 келі. Виктория Графеева - Ребека де Лима Сантос (Бразилия)

7 жұп. Әйелдер. 70 келі. Наталья Богданова - Лекейша Перголити (Аустралия)

9 жұп. Ерлер. 50 келі. Санжар Ташкенбай - Джей Брайан Барикуатро (Филиппин).

Кешкі сессия

3 жұп. Әйелдер. 51 келі. Алуа Балқыбекова - Пихла Кайво-Оя (Финляндия)

6 жұп. Әйелдер. 75 келі. Надежда Рябец - Суннива Хофстад (Норвегия)

7 жұп. Әйелдер. 80 келіден жоғары. Елдана Тәліпова - Нупур (Үндістан)

9 жұп. Ерлер. 75 келі. Сабыржан Аққалықов - Рами Киван (Үндістан)

10 жұп. Ерлер. 90 келіден жоғары. Айбек Оралбай - Никита Путилов (Германия).

Әлем кубогы жыл бойына бірнеше кезеңмен өткізіледі. Рейтингілік сайыста әр салмақ дәрежесінде жеңімпазға 300, екінші орынға 200, қос қола жүлдегерге 150 ұпайдан беріледі.

Әлем кубогы 30 маусым мен 6 шілде аралығында өтеді.

Тегтер: