Алматы әкімі Damubala жеткізушілерімен келісімшартты қайта жасау себептерін түсіндірді

3 Сәуір 2025

Оферта шартына сәйкес, келісімшарттар жыл сайын қайта жасалады. Бұл өзгеріс ваучерлерді әділ бөлуге, үдерістің ашықтығын арттыруға және жеткізушілердің жауапкершілігін күшейтуге бағытталған. Бұл туралы Ерболат Досаев мәлім етті.

Алматы әкімдігі
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуінде «Damubala» бағдарламасы бойынша қызмет көрсетушілер ұсыныс келісімдерін бұзу және төлемдерді кешіктіру мәселесін көтерді.

Айтуынша, өтініштерді тіркеу 15-21 қаңтар аралығында жүргізілді. Балаларға арналған ваучер 4 ақпанға дейін бөлінді. Алайда, кейбір ваучерлер расталмаған.

– «Damubala» бағдарламасына қатысты мәселелер менің жеке бақылауымда. Спорт секцияларына жетекшілік ететін екі орынбасарым апта сайын әр аудандағы жағдай туралы есеп береді. Мен процесті жеке өзім қайта бастадым, — деді Ерболат Досаев.

Әкім ваучерлерді бөлу тәртібін қайта қарау себебін қызмет көрсетушілер арасында заңбұзушылықтардың анықталуымен түсіндірді.

– Мәселе қызмет көрсетушілерде болды. Міндетіне салғырт қараған жеткізушілер тізімнен шығарылады.Алматы қаласының Қоғамдық кеңесімен бірлесіп, қызмет көрсетушілердің жұмысына мониторинг жүргізілді. Алайда заңды бұзған кейбір кәсіпкерлер аты-жөнін өзгертіп қайта өтініш берген. Ашықтық пен тәртіпті қамтамасыз ету үшін біз ваучерлерді бөлу тәртібін қайта қарау керек деп шештік,– деді ол.

Осыған дейін 2025 жылдан бастап Алматыда «Damubala» бағдарламасының механизміне кейбір өзгерістер енгізілетіні туралы жазған едік.

Атап айтқанда, мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарды орналастыру және қаржыландыру функциялары Алматы қаласының аудандық әкімдіктеріне тапсырылды.

Әрбір спорт және мәдениет бағыттары бойынша

Тегтер: