Алматы табиғи қорығында фототұзаққа таутекелердің текетіресі түсіп қалды
9 Қараша 2026
Алматы мемлекеттік табиғи қорығының аумағында орнатылған фототұзаққа таутекелердің тағы бір қызықты сәті тіркелді, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бұл жолы кадрға мүйіз тірестіріп, өзара күш сынасып жатқан таутеке лақтары түсті.
Бір қарағанда бұл нағыз тартыс сияқты көрінгенімен, шын мәнінде мұндай қимыл-қозғалыс – жас таутекелердің табиғи мінез-құлқының бір бөлігі. Осындай «жаттығулар» арқылы олар ептілігін шыңдап, күшін сынайды және болашақ тіршілікке бейімделеді.
- Жабайы табиғаттағы осындай сәттер жануарлар әлемінің қызықты қырларын жақыннан тануға мүмкіндік береді. Ал сіздің ойыңызша, қайсысы мықты? - деп жазды, министрліктің баспасөз қызметі.