Алматыда 1 мамыр күні «Бірлік жүгірісі» марафоны өтеді

29 Сәуір 2025

1 мамырда Алматы қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Қазақстан халқының бірлігі күні аясында «Бірлік жүгірісі» марафоны өтеді.

canva.com
canva.com

Іс-шара Тұңғыш Президент саябағында өтеді. Қатысушылар сағат 09:30–да тіркеледі, ал марафон сағат 10:00–ден 11:00–ге дейін болады. Қатысушылар саябақ аумағында 4 шақырымдық қашықтықты жүгіріп өтеді.

Алматы қаласы Спорт басқармасының мәліметінше, марафонға 300-ден аса адам қатысады деп күтіліп отыр. Олардың қатарында Қазақстан халқы Ассамблеясының 260 өкілі, 40 кәсіби спортшы болады. Одан бөлек ниет білдірген барлық қала тұрғындары мен қонақтары қатыса алады. Қатысушылар үшін алдын ала тіркеу қажет емес — тіркеу шарасы марафон өтетін жерде еркін түрде жүргізіледі.

— «Бірлік жүгірісі» марафоны салауатты өмір салтын насихаттауға және қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтуға бағытталған ерекше шара. Алматы қаласында өтетін марафон еліміздің әр өңірінен келген адамдарды бір мақсатқа жұмылдырып, достық пен ынтымақтастықты дәріптейді, — деп хабарлады басқармадан.

Тегтер: