Алматыда бастауыш сыныптарға шахмат пәні оқытылады

28 Тамыз 2024

Сессия барысында Алматы қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды.

Виктор Федюнин/ Kazinform
Виктор Федюнин/ Kazinform

Алматы қаласы Қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков бюджетті нақтылау шеңберінде білім беру саласын қаржыландыру 6,7 млрд теңгеге ұлғайтуды ұсынды. Оның ішінде бастауыш сыныптарға шахмат пәнін оқыту үшін 49,2 млн теңге бөлу қажет екенін айтты.

«Шахматты дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру мақсатында жаңа оқу жылынан бастап қаланың 41 мектебінің бастауыш сыныптарында шахмат пәнін оқу бағдарламасына енгізу жоспарланды. Осы мақсаттарға 49,2 млн теңге бөлінеді, - деді ол.

Алматы мәслихатының депутаттары 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке өзгеріс енгізуге оң дауыс берді.

Тегтер: