Алматыда Джей Лоның концертінде жалған билет сатқан күдікті ұсталды
12 Тамыз 2025
Алматы полициясының киберқылмыстарға қарсы күрес басқармасы 10 тамыз күні өткен Дженнифер Лопестің концертіне жалған билет сатты деп күдікке ілінген ер адамды ұстады.

Тергеу барысында күдіктінің интернет-платформалардың бірінде хабарландыру жариялап, концертке екі жалған билет сатқаны белгілі болды. Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.
– Азаматтардың ақшасын алдау жолымен иемденуге тырысқан барлық адамдар анықталып, жауапкершілікке тартылатын болады. Осындай жағдайларға тап болмас үшін билеттерді тек ресми сайттардан немесе сенімді кассалардан сатып алуды қатаң түрде ұсынамыз, - деді Алматы қаласы киберқылмыстарға қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Қойшыбаев.