Алматыда заңсыз салынған қос қабатты ғимарат бұзылып жатыр
11 Желтоқсан 2025
Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы Бәйдібек би көшесі, 59-үй мекенжайында орналасқан екі қабатты ғимаратты бұзу жұмыстары басталғанын хабарлады.
Ведомство мәліметінше, бұған дейін «Он жеті» жеке кәсіпкерлігіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, әкімшілік шаралар қолданылған. Кейін Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына аталған екі қабатты нысанды бұзу туралы талап арыз берілді.
— 2025 жылы 23 маусымдағы сот шешімімен талап толық қанағаттандырылды. 2023 жылғы 20 қазанда Алматы қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы шешімі күшінде қалдырылды. Алматы қаласы Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен бүгін нысанды бұзу жұмыстары басталды, - деп хабарлады басқармадан.
Похожие новости