Алматыға жарты жылда 1,1 миллионнан астам турист келді

12 Қыркүйек 2025

2025 жылдың алғашқы жартысында Алматыға 1,14 миллионнан астам турист келді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,5% көп. Бұл туралы Қалалық туризм басқармасы хабарлады.

Алматы әкімдігі
Алматы әкімдігі

Туристердің 323,5 мыңы шетелдік, ал 816,5 мыңы ішкі турист.

— Әсіресе, Қытайдан келген мейман көп. Алты айда Алматыға 54,1 мың қытайлық азамат аялдаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 33,4% артық. Қытайдан соң Үндістаннан кейінгі екінші орынды иеленді (56,2 мың адам). Үздік бестікте Түркия (17,9 мың), Корея Республикасы (9,7 мың), АҚШ (9,6 мың), БАӘ (6,7 мың) және Германия (6,5 мың) бар, — делінген хабарламада.

Халықаралық туристер санының артуына туристік инфрақұрылымды дамыту мен қала қонақтарына арналған заманауи сервистерді енгізу ықпал етті. Қалалық туризм басқармасының мәліметінше, Алматы демалыс пен іскерлік туризм үшін тартымды бағыт ретінде позициясын нығайтып, туристік лектің ауқымын кеңейтіп, келушілерге жайлы жағдай жасап отыр.

Тегтер: