Алматылық Олимпиада жүлдегерлеріне пәтер мен көлік берілді
21 Тамыз 2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев Париждегі Олимпиада ойындарында ел намысын қорғаған спортшыларды марапаттады.
Нариман Құрбановқа екі бөлмелі пәтердің, ал Ғұсман Қырғызбаевқа, Назым Қызайбайға, Александра Ле мен Ислам Сәтбаевқа бір бөлмелі пәтер табысталды.
Спортшыларға 5 және 4 миллион теңгеден ақшалай сыйлықтар және жаңа көліктердің кілті берілді.
Әкімдік берген тұрғын үй сертификатымен бірге Нариман Құрбановқа демеушілер есебінен тағы бір пәтер сыйға тартылды.
Похожие новости