Алматы қалалық Білім басқармасы мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы ұсталды
22 Қараша 2023
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов мәлім етті.
Ол жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, мегаполистің білім беру мекемелері оқушыларына арналған лагерь ұйымдастыру қызметін көрсетушіден 12 млн теңгеден астам сомадан 10 пайыз пара алуға әрекет жасады деген күдікке ілінді.