Алматыда ер адамды зорлаған күдіктілер ұсталды

15 Қаңтар 2023

Кеше Алматыда 30 жастағы ер адам жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтып, полицейлерге арызданған.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 121-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Осы қылмысты ашу мақсатында тергеу-жедел тобы құрылып, қылмыстың мән-жайы мен орны анықталды.

Күдіктілер «ізін суытпай» ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ұсталғандар – 2001 және 2003 жылы туғандар. Олардың Алматыда тұрақты жұмысы жоқ екені анықталды.

Алматыда ер адамды зорлаған күдіктілер ұсталды
Тегтер: