Алматыда қиранды астынан адам іздеуге арналған радар сатып алынбақ
Алматының құтқару қызметі үйінді астынан адам іздеуге арналған құрылғы сатып алмақ.
Алматы қаласы әкімі аппаратының «Алматы қаласының авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» МКҚК мемлекеттік сатып алу сайтында 5 микротолқынды радар сатып алуға 53,5 млн теңгеге лот жарияланды.
Негізі құжатқа сәйкес құрылғының бір данасы — 10,7 млн теңге тұрады.
Тауардың сипаттамасында құрылғы үйінді астында қалған адамдарды іздеуге арналған.
Сондай -ақ Құтқару қызметіне әрқайсысының құны 1,7 млн теңге болатын бес бейнеэндоскоп («Техникалық эндоскоппен басқарылатын камера») және жалпы сомасы 43 млн теңгеге топырақты зерттеуге арналған бес қондырғы қажет.
Мемлекеттік сатып алулар сайтында барлығы 3 лот орналастырылған.
Байқауға қатысуға өтінімдерді алдын ала қабылдау 13-28 наурыз аралығында жүргізіледі.