Алматыда подполковник 14 жасар баланы азғындады деген күдікпен ұсталды

4 Наурыз 2024

Әлеуметтік желіде офицер педофилиямен айналысты деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тарады.  

Алматыда подполковник 14 жасар баланы азғындады деген күдікпен ұсталды

Ондағы мәліметке сенсек, 2 наурызда Алматының Жетісу аудандық полиция бөліміне № 28-74 шекара бөлімінің подполковнигі ұсталғаны хабарланған. Ол мас күйінде 14 жасар баламен кездесуге келген делінеді. 

Осыған байланысты Алматы қалалық полиция департаменті түсінік берді.

«Бұл дерек бойынша Ішкі істер министрлігінің оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Істің объективті мән-жайы анықталып жатыр», — деп хабарлады Алматы полиция департаментінен.

Тегтер: