Әрбір адамның дауысы маңызды – опера әншісі Майра Мұхамедқызы

6 Қазан 2024

Шымкенттіктер референдумға белсенді қатысып жатыр. Әсіресе, жастар жағы қарқынды түрде үлес қосып отыр. 

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі
Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

№ 11 сайлау учаскесінде дауыс берушілер опера әншісі Майра Мұхамедқызының әнін тыңдады. Өз таңдауын жасап дауыс берген опера әншісі көпшілікке Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындап берді.

«Қазақстандықтар ел болашағы үшін маңызы бар таңдау жасап жатыр. Әрбір адамның дауысы маңызды, сондықтан әр тұрғын өз таңдауын жасауы керек» - деді ол.

Ал, «Арбат» демалыс аймағына жиналған жастар, көк туды мақтанышпен көкке көтеріп жүрді. Бұл көрініс қала тұрғындарына ерекше көңіл күй сыйлады.

«Қала жастары референдумға келіп өз таңдауымызды жасап жатырмыз. Тек таңдау жасап қана қоймай, акцияларға қатысудамыз. Өйткені, қала тұрғындары, кейінгі буын өкілдеріне біз үлгіміз. Жастар үнемі қозғалыста. Даму үстінде. Бүгінгі референдум, болашаққа жасалған ең дұрыс шешімнің бірі деп білемін, - дейді шымкенттік жас Толғанай Әділхан.

Жалпы, Шымкент қаласында референдумға келген азаматтардың көңіл-күйін көтеріп, белсенділігін арттыру мақсатында түрлі мәдени және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Атап айтқанда, қаладағы бірқатар референдум учаскелерінде тұрғындар арасында әртүрлі ұлттық ойындар мен спорт түрлерінен сайыстар өтіп жатыр.

Тегтер: