Асхат Аймағамбетов Астанадағы университетте оқытушы болмақ

4 Ақпан 2023

Бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов елордадағы беделді ЖОО-ның бірінде ұстаздық етуді жоспарлауда.

«Жуырда Астана қаласындағы ірі әрі сапалы білім беретін университеттердің бірі ұсыныс білдірді. Біраз тәжірибеңіз бар, студенттермен бөліссеңіз деді. Өзім педагог, оқытушы болғаннан кейін маған ол жақын. Қарапайым оқытушы болып, студенттермен жұмыс істеу деген ұсынысты қабылдадым. Қазір құжаттармен яғни оқу бағдарламасымен айналысып жатырмын», – деді Асхат Аймағамбетов.

Асхат Аймағамбетов Астанадағы университетте оқытушы болмақ
Тегтер: