Астанада ресми 11 мың адам жұмыссыз жүр

29 Қаңтар 2024

Елордада қанша адам жұмыссыз жүр?

Астанада ресми 11 мың адам жұмыссыз жүр

Бұл сауалға Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» директоры Олжас Омар жауап берді.

«Қазір елордада 11 адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Оның ішінде 2200 адамға қаңтарда еңбекпен қамту бойынша әртүрлі мемлекеттік қолдау көрсетілді. Оның ішінде 185 адамды тұрақты жұмыспен қамтыдық», — деді Олжас Омар Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, орталық директоры жұмыссыз астаналықтарды еңбекпен қамтуда қолдау көрсетілетіні туралы айтты.

«Бүгінгі таңда Астана қаласында 3 мыңнан астам бос жұмыс орны бар», — дейді спикер.

Оның айтуынша, Астана қаласының «Мансап» орталығы халықты жұмысқа орналастыру бағытында 9 бағыт бойынша қызмет көрсетеді.

Тегтер: