Астанада тұрғын үй кезегінен заңсыз шығарылған ана жеңіске жетті

28 Тамыз 2025

Кассациялық сот сатысы жеті баланың анасы мен Астана қалалық Тұрғын үй инспекциясы басқармасы арасындағы ұзаққа созылған дауға нүкте қойды.

канва
канва

Әйел 2009 жылдан бері мемлекеттік қызметші және «Алтын алқа» құрмет белгісімен марапатталған көпбалалы ана ретінде пәтермен қамтамасыз етіледі деп жүргеніне қарамастан, тұрғын үй кезегінен шығарылған. Үй кезегінен алып тастауға бұрын күйеуі мен туысының атына тіркелген, дау туындаған кезде иеліктен шығарылған жылжымайтын мүлік туралы мәліметтер негіз болған.

— Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар тұрғын үй инспекциясының әрекетін заңсыз деп танып, әйелдің тұрғын үй кезегін қалпына келтіру туралы қаулы шығарды. Әкімшілік істер бойынша кассациялық сот бұл шешімдердің заңдылығын растады. Сот актілерінде «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының нормаларына сәйкес, «Алтын алқа» белгісімен марапатталған көпбалалы аналар мұқтаж деп танылып, белгіленген тәртіпте есепте тұрған болса, тұрғын үй алғанға дейін кезектен шығаруға болмайтыны баса көрсетілген, — делінген хабарламада.

Бұрын азаматтың атына санитарлық-техникалық талаптарға сай келмейтін (яғни тұруға қолайсыз) үй тіркелген болса да, егер ол адам қазір шынымен баспанаға мұқтаж болса, оны үй кезегінен алып тастауға болмайды.

Сондықтан кассациялық сот бұл істе азаматтың (көпбалалы ананың) құқықтары бұзылғанын растады. Ал бірінші және апелляциялық соттардың бұрын шығарған шешімдері заңға және әділдік қағидаларына толық сай деп танылды. Бұл шешім көпбалалы аналар сияқты әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтардың құқықтары қорғалуы тиіс екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Тегтер: