Астанадан Қырғызстан мен Өзбекстанға ұшақ қатынайды
Qazaq Air (Vietjet Qazaqstan) әуе компаниясы Астанадан Бішкек пен Самарқандқа тікелей екі жаңа халықаралық рейс ашып жатыр.

Орталық Азиядағы бағытын кеңейту бастамасы Президенттің түркі елдері арасындағы байланысты дамыту арқылы туризмді, сауданы, білім беру мен мәдени ынтымақтастықты күшейту жөніндегі стратегиялық бастамасымен үндес келеді.
2025 жылғы 7 қарашадан бастап Астана – Самарқанд – Астана бағыты бойынша (аптасына 2 рет – жұма және жексенбі), ал 10 қарашадан бастап Астана – Бішкек – Астана (аптасына 2 рет – дүйсенбі және бейсенбі) бағыты бойынша тікелей рейстері орындалады.
- Астанадағы хаб арқылы әуе компаниясы жолаушыларға Бішкекке, Самарқандқа, Омбы мен Новосібірге, сондай-ақ Қазақстанның түрлі өңірлеріне ыңғайлы рейстерді ұсынады. Жаңа әуе бағыттар аймақтың іскерлік, туристік және мәдени байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін болады, - делінген Азаматтық авиация комитеті хабарламасында.