Астанаға LRT-ның тағы екі жылжымалы құрамы жеткізілді

15 Қазан 2025

Астанаға жеңіл рельсті көлік желісін (LRT) сынақтан өткізу бойынша жоспарлы іс-шаралар аясында тағы екі жылжымалы құрам жеткізілді. Бұл туралы CTS-ке сілтеме жасап, Астана әкімдігінің ресми сайты жазды.

Астана қаласының әкімдігі
Астана қаласының әкімдігі

17 және 18 қазанда құрамдар мына эстакадаға орнатылады:

• 17 қазанда бірінші құрам – Қабанбай батыр даңғылы «Астана жұлдызы» стелласы маңындағы №104 және №105 станциялар арасындағы аралықта;

• 18 қазанда екінші құрам – Ш. Қалдаяқов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысында, №113 (Министрліктер үйі) және №114 (Ұлттық музей) станциялар арасындағы аралықта.

18 қазан сағат 00:00-ден 19 қазан сағат 06.00-ге дейін мамандандырылған техниканы пайдалана отырып, көтеру-монтаждау жұмыстарын орындауға байланысты Ш.Қалдаяқов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылы қиылыстарында көліктердің қозғалысы уақытша шектеледі.

Тегтер: