Атырау мұғалімдерінен пара алған білім саласының қызметкерлеріне айыппұл салынды

31 Қаңтар 2025

Атырауда білім саласының қызметкерлері мұғалімдерден пара алған. Сот үкімімен кінәлірге айыппұл салынды.

freepik.com
freepik.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей,
Атырау қаласындағы №2 сотында Атырау қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісі М.С. мен басқаларға қатысты үкім шығарылған.

– Ол жергілікті мектептің бірінің уақытша директоры А.Қ. арқылы 3 мұғалімнен сарапшы санатын бекіту үшін жалпы сомасы 150 мың теңге пара алған. Сот үкімімен кінәлі деп танылды. Кінәілерге 1,4 млн теңгеден 4,5 млн теңгеге дейін айыппұл түрінде жаза тағайындалды, - деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.

Сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылады. Сот актілері заңды күшіне енген жоқ.

– ҚР Қылмыстық кодексінің 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі, - деп мәлім етті агенттіктің баспасөз қызметінен.

Тегтер: