Атырауда жоғалып кеткен отбасы: ерлі-зайыптының денесі табылды

6 Қаңтар 2026

Атырауда жоғалған отбасы мүшелерінің екеуінің денесі табылды. Ауыл тұрғындарының айтуынша, үйдің отағасы мен әйелінің денесін үй ауласындағы сарайға көміп тастаған.

canva
canva

— Қызылқоға ауданында Атырау облысы аумағында хабар-ошарсыз кеткен ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды. Қазіргі уақытта тағы екі жоғалған адамның жүрген жерін анықтау бойынша іздестіру шаралары жалғасып жатыр. Аталған факті бойынша адам өлтіру белгілерімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің жеке басы анықталды. Қазіргі таңда оларды іздеу және ұстау мақсатында құқық қорғау органдары тиісті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіліп жатыр. Әлеуметтік желі қолданушыларын ақпараттың тек ресми дереккөздеріне сүйенуге және расталмаған әрі жалған мәліметтерді таратудан бас тартуға шақырамыз, — деді облыстық ПД бастығы Нұрхат Оразбаев.

Тегтер: