Атырауда Әнұран шырқалған сәтте қолын жүрек тұсына дұрыс қоймаған тәртіп сақшысы 172 500 теңге айыппұл арқалады
29 Қыркүйек 2023
Оқиға 16 қыркүйекте Мақат ауданында «Зарница» әскери-спорттық ойындары басталар алдында болған.
Шара қолдану туралы ұсынысты Мемлекеттік рәміздерді насихаттау ұлттық орталығы жолдаған.
Осылайша, тәртіп сақшысы ҚР Қылмыстық кодексінің 458-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.