Ауыл шаруашылығы машинасын жасау саласында оң қарқын бар - Үкімет

17 Ақпан 2026

Елімізде 12 брендтің тракторларын шығаратын 10 зауыт бар. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлім етті.

ortcom.kz
ortcom.kz

- Тұрақты оң динамика ауыл шаруашылығы машинасын жасау саласында да байқалуда. Жыл қорытындысы бойынша өсім 30,4 пайыз құрады. Бүгінде отандық өндірушілер ішкі нарықтың тоқсан пайызын қамтамасыз етіп отыр. Елімізде он екі брендтің тракторларын шығаратын 10 зауыт және жалпы қуаттылықтағы 35 мың ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын жиырмадан астам кәсіпорын жұмы істейді. Былтыр John Deere американдық брендінің ауыл шаруашылығы техникасы шығарыла бастады. Сонымен қатар, өткен жылдың қарашасында Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары аясында John Deere-мен 3 мыңнан астам техника өндірісін локализациялау, сервис орталықтарын құру жөнінде стратегиялық келісімге қол қойылды, - деді Е. Нағаспаев.

Оның айтуынша, осы жылы John Deere-ден кейін Еуропа мен Канададағы серіктес брендтердің де локализацияға қосылуы жоспарланып отыр.

Тегтер: