Аустралия Газада қаза тапқандардың өліміне кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етті
3 Сәуір 2024
Аустралия премьер-министрі Энтони Альбанезе Газаға гуманитарлық көмек жеткізу кезінде қаза тапқан аустралиялық азаматтың өліміне кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етті, деп жазады Синхуа агенттігі.
Э.Альбанезе дүйсенбі күні «World Central Kitchen» гуманитарлық ұйымындағы қызметі кезінде Аустралия азаматы Зоми Фрэнкомның Газа секторындағы әуе шабуылынан қаза тапқанын айтты.
Баспасөз мәслихатында сөйлеген Аустралия премьер-министрі З.Фрэнктің өлімін бассыздыққа балап, Аустралияның Сыртқы істер және сауда министрлігі Израиль елшісімен кездесуді сұрағанын айтып, оқиғаны шектен шыққандық деп атады.