Айбек Оралбай бокстан Қазақстан құрамасының капитаны болды

17 Қыркүйек 2024

Айбек биылғы Олимпиадада 92 келі салмақта сынға түсті.

Гов
Гов

Ол ширек финалда әзербайжандық Лорено Альфонсо Домингеске жол берді. Олимпиададан соң Айбек 92 келіден жоғары салмаққа ауысты.

Айта кетсек, бұдан бұрын ұлттық құрама капитаны міндетін Асланбек Шымбергенов (81 келі) атқарып келген еді.

Ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжановтың айтуынша, бұдан бұрын 57 келіде бақ сынаған Махмұд Сабырхан енді шаршы алаңға 54 келіде шығады. Оған қоса Серік Теміржанов 60 келіге ауысты.

«Ал 48 келіде Санжар Тәшкенбай мен Теміртас Жүсіпов, 51 келіде Сәкен Бибосынов пен Дамир Әбдіхалықов арасында өзара мықты атанған боксшыға басымдық береміз. Тағы бір боксшымыз Айбек Оралбай 92 келіден жоғары салмаққа ауысып жатыр. Енді Қамшыбек екеуін бақылаймыз. Егер Қоңқабаевтың салмағы аздау боп жатса, 92 келіге түсірерміз. Мұның бәрі алдағы уақыттың еншісінде. Салмақ бойынша осындай жаңалықтар бар», - деді Қайрат Сәтжанов.

Тегтер: