AZAL ұшағы сыртқы объектілер әсерінен зақымданған – министрлік есебі

4 Ақпан 2025

Ақтау маңына құлаған ұшақты тесіп өткен зақымдар конструкцияға сыртқы объектілердің енгенін көрсетеді. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі жариялаған ұшақ апаты бойынша тергеу қорытындыларының есебінде айтылған.

Көлік министрлігі
Көлік министрлігі

– Әсіресе, тесіп өткен зақымдардың көп бөлігі киль мен тұрақтандырғыштан табылды. Көзбен шолып-тексеру кейбір зақымдардың толық тесіп өткенін, ал басқалары бітеу немесе тесіп өтпеген зақымдар екенін анықтады, – деп жазылған есепте.

Атап өтілгендей, тергеу комиссиясы Бразилия Федеративтік Республикасының, Әзербайжан Республикасының және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының уәкілетті өкілдерінің қатысуымен зақымдарда сақталуы мүмкін бөгде объектілерді алу шараларын жүргізді және оларды қосымша сот сараптамасына жібереді. Бұл жұмыстар нәтижесінде зақымданған ұшақтан көптеген бөгде зат алынған.

Айта кетейік, ҚР Көлік министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апатының алдын ала есебін жариялады.

Тегтер: