Баласы аулада боқтаса, ата-анаға айыппұл салынады – ІІМ

24 Маусым 2025

Балалар көшеде боқтап, бейәдеп сөз айтса, ата-анасы айыппұл төлейді. Ішкі істер министрлігі заңнама жағын түсіндірді.

canva.com
canva.com

Бейәдеп сөз айту – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы бойынша ұсақ бұзақылық.

Егер бала боқтап немесе бұзақылық жасаса – жауапкершілік ата-анаға жүктеледі. Айыппұл мөлшері баланың жасына байланысты:

- 14–16 жас – ата-анасына 7 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), яғни 27 524 теңге айыппұл салынады (ҚР ӘҚБтК 435-бап).

- 16–18 жас – жасөспірімнің өзіне айыппұл салынуы мүмкін, бірақ табысы болмаса, ата-анасы төлейді. 10 АЕК-ке дейін, яғни 39 320 теңге (ҚР ӘҚБтК 66-бап).

- 12 жасқа дейін – толық жауапкершілік ата-анада. 10–15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады (39 320 – 58 980 теңге) (ҚР ӘҚБтК 127-бап).

Кінәні дәлелдеу үшін полицияға келесі материалдарды ұсыну керек:

- куәгерлердің арыз-шағымы;

- бейне немесе аудиожазба;

- интернетте немесе жазбаша түрдегі қорлау жағдайына қатысты сараптама қорытындысы.

Тегтер: