Баспалдақтан құлаған бала оқитын мектеп директоры қызметінен босатылды
25 Қыркүйек 2023
Бұл жайында Астана қалалық Білім басқармасы хабарлады.
Оқушы қалалық балалар ауруханасында жатыр. Жағдайы орташа ауыр. Жансақтау бөліміне түспеген, есін біледі.
Сарыарқа аудандық Полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабы «балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған.