Базистің былығы ашылуда

23 Мамыр 2022

Нұр-Сұлтан қаласында көпқабатты тұрғын үй заңсыз салынып жатыр.

Қабанбай мен Ұлы Дала көшесінің қиылысында орналасқан зәулім ғимараттарды салуға «Bazis» басшылары мемлекеттік мекемелердің рұқсатын алмастан үй тұрғызған.

Тұрғын үй жанына заңсыз құрылыс жүргізген компанияның әрекетіне тұрғындар қарсы шықты. Олардың сөзінше, жеке компания құрылыс талаптарын мүлдем сақтамаған.

«Zangar» ТК құрылысы жобалық-сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамадан өтпеген. Жұмысшылар он алты қабатты үйді жартысына дейін көтеріп қойған. Ашулы халық Президент әкімшілігіне, Бас прокурорға, Премьер-министрге, құрылыс істері жөніндегі комитетке дейін бірнеше рет арызданған. Айтуларынша, жергілікті атқарушы орган ешқандай шара қолданбай отыр.

«Қаланың сол жағалауында «Bazis»-тің еншілес мекемесі «Bazis-А» компаниясы тұрғын үй кешенін заңсыз салып жатыр. Компанияның қожайындары нормативтерді сақтамай, бір жылдан бері құрылыс жүргізіп келеді. Жеке тұрғын үйлердің арасынан 9,12,16 қабатты үйлер бой көтеруде. Жеке тұрғын үйлермен ара қашықтық сақталмаған, екеуінің арасы небәрі 5 метр. Халықпен ақылдаспаған», – деді жергілікті тұрғындар.

Базистің былығы ашылуда
Тегтер: