«Бекіре – 2025»: Батыстағы 3 облыста браконьерлерге 1,9 млн теңге айыппұл салынды

4 Мамыр 2025

1 сәуірден бері Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облысында «Бекіре – 2025» кеңауқымды балық қорғау акциясы өтіп жатыр. Осы кезге дейін браконьерлікке қатысы бар құқық бұзушыларға 10,9 млн теңге айыппұл салынды.

 ҰҚК
ҰҚК

Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы инспекциясының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 1 сәуірден бері табиғат қорғау заңдылығын бұзуға байланысты 593 дерек анықталған.

– Еліміздің үш облысында құқық бұзған 445 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Оларға 10,9 млн теңге айыппұл салынды. Браконерлікке, бағалы бекіре тұқымдас балықтың заңсыз айналымына қатысты 19 қылмыстық іс қозғалды. Заңсыз айналымнан 2 тонна 770 келі балық тәркіленді. Оның ішінде 582 келі бекіре тұқымдас балық, 2 келі қара уылдырық бар. Құқық бұзушылардан 128 ау, 6 су көлігі алынды. Су айдындарынан тыйым салынған 379 балық аулау құралы шығарылды, -деп хабарлады инспекцияның баспасөз қызметі.

Жайық-Каспий су бассейніндегі кеңауқымды балық қорғау акциясы 31 мамырға дейін жалғасады.

Тегтер: