Биыл күнбағыс алқаптарының ауданы 1,4 млн гектарға жетуі мүмкін

25 Сәуір 2025

Биыл майлы дақылдар алқабының ауданын 3,3 млн гектарға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

canva.com
canva.com

Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжіліс депутатының сауалына жолдаған жауапта биыл күнбағыс алқаптарының ауданы 1,4 млн гектарға жетуі мүмкін екенін айтты.

— Биыл майлы дақылдар алқабының ауданын 3,3 млн гектарға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Оның ішінде күнбағыс алқабын 1,4 млн гектарға жеткізу үшін қосымша 121,2 мың гектарға тұқым себу көзделген, — деп жазады Серік Жұманғарин.

Айта кету керек, Жерге орналастыру жұмыстары жөніндегі мемлекеттік институттың мәліметі бойынша, елімізде 29,9 млн гектар жер тозған. Салдарынан топырақ құнарлылығы 17% төмендеп, суармалы алқаптардағы сортаңды жерлер 35-37% артқан.

— Егіс алқаптарын қысқарту мәселесіне келсек, негізінен бидай жекелеген түрлеріне арналған алқаптар мен су көп тұтынатын дақылдардың алқабын азайтуға көңіл бөлеміз. Сондай-ақ, майлы, бақша, жемшөп сияқты табысы жоғары дақылдардың алқабын кеңейту жоспарланған, — делінген жауапта.

Тегтер: