Биыл заң талаптарын бұзған 20-дан астам судья анықталды
7 Қараша 2024
Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьясы және Жоғары сот кеңесінің мүшесі Нұрия Сисенова мәлім етті.
«2024 жылдың 9 айында нақты сот ісін қарау кезінде 21 судья заң талаптарын өрескел бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Былтырғы осы кезеңде 9 судья жазаланған еді. Яғни бұл көрсеткіш 9 айда екі жарым есеге жуық өсті», - деді Н. Сисенова.