Былтыр аудиторлар 250 нысанға тексеріс жүргізген
2025 жылы аудиторлар мемлекеттік саясаттың, экономиканың және қоғамдық өмірдің негізгі бағыттарын қамтитын ондаған кешенді және салалық тексеру жүргізді. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палата мәлім етті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет қаражаты мен мемлекет ресурстарының тиімді пайдаланылуы мәселесіне ерекше назар аударады. Елімізде осы мақсатта мемлекеттік аудит жүйесінде дәйекті түрде реформалар іске асырылып, жүйе күшейіп келеді, цифрлық мониторинг технологиялары енгізілуде, халықаралық тәжірибеге талдау жүргізіліп, қолданылып отыр.
— Аудиторлар 250 объектіні әрі 74 трлн теңгені қамтыған 32 ірі тексеру жүргізілді. 2,9 трлн теңгеден астам сомаға түрлі заң бұзушылықтар анықталды, — делінген хабарламада.
Қазірдің өзінде мемлекет пайдасына 365 млрд теңге өтеліп, қалпына келтірілді. 293 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Аудит қорытындылары бойынша 44 материалды құқық қорғау органдарына беру туралы шешім қабылданған.
— ҚР Үкіметі мен аудит объектілеріне 132 ұсыным және орындалуы міндетті 1,4 мың нақты тапсырма жіберілді. 2025 жылы жүргізілген Жоғары аудиторлық палатаның жұмысы елімізде мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және бюджет қаражатын пайдалануды жақсартуға елеулі үлес қосты, — деп хабарлады құзырлы органнан.