Былтыр қазақстандықтардың 12,3% ғана шетелге саяхаттаған – статистика

2 Мамыр 2025

Былтыр елімізде 11 000 287 адам саяхаттаған, оның 9 903,5 адам (87,7%) ел ішінде саяхаттаған және 1 383,4 адам (12,3%) шетелге сапарлаған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлайды.

canva.com
canva.com

Негізінен қазақстандықтар жеке мақсатпен сапарлаған (10 532,8 адам немесе 93,3%), ал іскерлік және кәсіби мақсатта 754,2 адам (6,7%) сапар шеккен.

Ел ішінде отандастарымыз көбіне Астана (10,5%), Алматы (10,2%) қаласы, сондай-ақ Түркістан (8,8%), Қарағанды (7,9%) және Алматы (7,4%) облысына жол тартады.

Қазақстан бойынша сапарлау кезінде туристердің көпшілігі жатын орны тегін болатындықтан туыстары немесе таныстарына (64,2%) баруды жөн көрген. Қонақ үйлерде (15,2%), жалдамалы тұрғын үйлерде (11,6%) және шипажайларда (3,3%) тоқтағандардың үлесі аз.

Қатынас құралына келсек, ел ішінде сапарлағандар өз автокөлігімен (36,1%) және пойызбен көбірек қозғалған (26,4%), ал шет елге барушылар әуе көлігін (55,7%) жөн көрген.
2024 жылы қазақстандықтар туристік сапарға 957,7 млрд теңге жұмсаған, ал ел ішінде сапарлаған отандастарымыз 582,7 млрд теңге (60,8%) жұмсаған. Шығындар көбіне тауарларды сатып алуға (29,5%), көлік қызметтеріне (25,2%), тамақтануға (21,0%) және орналастыру орындарында тұру (12,6%) қызметтеріне кеткен.

Тегтер: