Білім саласында жымқырылған 1,5 млрд теңге мемлекетке қайтарылды

16 Қазан 2024

Бүгінгі күні Түркістан облысында Білім саласының 123 қызметкеріне қатысты 7 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды өңірлік прокуратураның баспасөз қызметі. 

Kazinform
Kazinform

Оның ішінде 5 іспен процеске қатысушы тұлғалар танысуда, ал Сауран және Созақ ауданы білім бөлімдерінің қызметкерлеріне қатысты 2 істі облыс прокуратурасы сотқа жіберді.

Тергеп-тексеру барысында күдікті тұлғалардан мемлекетке 1,5 млрд теңге залал өндірілді және олардың қылмыстық жолмен табылған 2,9 млрд теңге мүліктеріне тыйым салынды.

Тегтер: