Бөбекжай бухгалтері қарызын жабу үшін 15 млн теңге жымқырған

23 Қыркүйек 2024

Бұл туралы ҚР Жорғарғы сотының баспасөз қызетінен хабарлады.

exclusive.kz
exclusive.kz

«2021-2023 жылдары жалақысына коэффициентін асыра көтеріп, банктегі шотына жалпы сомасы 15 млн теңгеден астам аударған. Ол сотта бұл қылмысқа қаржылық қиындықтардан (қарызын өтеу мақсатында) барғанын түсіндірді. Бухгалтер кінәсін мойындап, айыбы куәгердің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен, төлем құжаттарымен және тергеу амалдары арқылы расталды», - делінген таратылған мәліметте.

Істеген әрекетіне шынайы өкінуі, келтірілген зиянды толық өтеуі және асырауында үш кәмелетке толмаған баланың болуы жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар деп танылды.

Ол ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан және 10 жылға мемлекеттік әрі коммерциялық ұйымдарда тауарлық-материалдық құндылықтарға байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. ҚК-нің 63-бабына сүйене отырып, пробациялық бақылау белгіленіп, тағайындалған жаза шартты түрде берілді. Үкім заңды күшіне енді.

Тегтер: