«Болашақ сәулетшілері» қорының жетекшісі Марат Әбиев 7 жылға сотталды
21 Тамыз 2023
Ол азаматтарды құқыққа қайшы әрекеттер жасауға ынталандырумен ұштасатын қоғамдық бірлестікті (ҚК 404-бабының 1-бөлігі), сондай-ақ қоғамдық шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін тудыратын жалған ақпарат таратумен айналысқан қоғамдық бірлестікті құрды және оған басшылық жасады (ҚК 274-бабы, 4-бөлігінің 2-тармағы) деп айыпталды.
Еске сала кетейік, Марат Әбиев өткен жылдың қараша айында Астанада 300-ге жуық адамды көшеге жинап, заңсыз шеру ұйымдастырғаны үшін ұсталған болатын.