Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының 13-тур ойындары басталады

21 Маусым 2025

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 13-туры басталады.

Футболдан Қазақстан кәсіби лигасы
Футболдан Қазақстан кәсіби лигасы

Аталған тур 21 және 22 маусым күндері өтеді. Бүгін 5 ойын болса, жексенбіге 2 кездесу белгіленген.

Бүгін сағат 18:00–де «: Жеңіс» (Астана) мен «Атырау», «Қайрат» (Алматы) пен «Қызылжар» (Петропавл) ойнайды.

Ал 20:00–де «Елімай» (Семей) мен «Тұран» (Түркістан), «Тобыл» (Қостанай) мен «Жетісу» (Талдықорған), 20:30–да «Оқжетпес» (Көкшетау) пен «Ордабасы» (Шымкент) шеберлік байқасады.

Ал 22 маусымда 20:00–де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Ұлытау» (Жезқазған), «Ақтөбе» мен «Астана» жасыл алаңға шығады.

Айта кетсек, қазір көш басында 30 ұпаймен «Астана» келеді. Одан кейінгі орындардағы «Қайраттың» 27, «Ақтөбенің» 26 ұпайы бар.

Сұрмергендер көшінде Дастан Сәтпаев («Қайрат») 8 голмен көш басында тұрса, одан кейін Дәурен Жұмат («Оқжетпес»), Марин Томасов («Астана») 7, Айбар Жақсылықов («Қайсар») 6 гол соғып үлгерді.

Тегтер: