Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев жазадан жалтарып, елден қашпақ болған жерінен ұсталған

26 Қазан 2023

Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев айтты.

Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев жазадан жалтарып, елден қашпақ болған жерінен ұсталған

Ол лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.

«Бекетаев құқық қорғау органдарынан қашпақ болды. Сол әрекеті кезінде ұсталып, күдікті екенін ескере отырып, оның қашуға оқталған мақсатын ескеріп, Бекетаев қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр», – деді ол.

Тегтер: