Чехияның Прага қаласындағы Карлов университетінде атыс орын алып, 15 адам қаза тапты
21 Желтоқсан 2023
Кемі 25 адам жарақат алған. Бұл сандар әлі де өсуі мүмкін.
Қаскөй оқу орнының шатырына шығып оқ жаудырған. Артынша, өзіне қол жұмсаған. Бірақ бұл адамның кім екені, не үшін оқ атқаны белгісіз.
Қазіргі таңда Ян Палах алаңы толықтай қоршауға алынған.