Денсаулық сақтау министрлігі сала үздіктерін марапаттады

14 Маусым 2025

Елордада ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырған «Мамандығының үздігі» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтау министрлігі

Салтанатты жиында министр Ақмарал Әлназарова еліміздің түкпір-түкпірінен келген денсаулық сақтау саласының үздік мамандарына дипломдар мен сертификаттар табыстады.

Биылғы байқау 17 номинация бойынша өтті. Жеңімпаздар қатарында стационарлық және ауылдық дәрігерлер, акушерлер мен мейіргерлер, фельдшерлер мен санитариялық-эпидемиологиялық сала мамандары, сонымен қатар медициналық ЖОО және колледж оқытушылары бар.

«Мамандығының үздігі» атанғандар:

«Стационардың үздік дәрігері» – Смайылов Совет Сләммұратұлы (Павлодар облысы);

«Үздік жедел жәрдем дәрігері» – Тәжібекова Салтанат Болатқызы (Шымкент қаласы);

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің үздік дәрігері» – Бақбергенова Айгүл Жұпарбайқызы (Қызылорда облысы);

«Үздік ауылдық дәрігер» – Төлеуов Жақып Оразайұлы (Қызылорда облысы);

«Денсаулық сақтаудағы үздік әлеуметтік қызметкер» – Сабиева Айгүл Болатқызы (Шымкент қаласы);

«Үздік акушер» – Қаженова Маржан Тынышқалиқызы (Батыс Қазақстан облысы);

«Стационардың үздік мейіргері» – Тілеубаева Эльмира Жасұланқызы (Алматы облысы);

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің үздік мейіргері» – Әлжанова Әлия Наурызбайқызы (Ақмола облысы);

«Үздік ауылдық мейіргер» – Жұманазарова Жұлдыз Құрбанқызы (Түркістан облысы);

«Үздік фельдшер» – Маханбетова Гүлнар Аманкелдіқызы (Ақтөбе облысы);

«Медициналық жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» – Қожанова Қалданай Қаржауқызы (С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті);

«Медицина колледжінің үздік оқытушысы» – Жұмадилова Мадина Сембайқызы (Жетісу облысы);

«Денсаулық сақтаудағы үздік ғалым» – Жақыпбеков Қайрат Сапарханұлы (С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті);

«Денсаулық сақтаудың үздік менеджері» – Әмрин Сәкен Өмірсерікұлы (Солтүстік Қазақстан облысы);

«Санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі үздік дәрігер» – Пивоваров Евгений Иванович (Шығыс Қазақстан облысы);

«Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың үздік маманы» – Рахымбаева Алмагүл Қалиқызы (Алматы қаласы);

«Үздік провизор» – Әлжанова Хадиша Дербісқызы (Түркістан облысы).

Жеңімпаздарға 500 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде көтермелеу төлемі тағайындалды. Бұл – мемлекет тарапынан медицина қызметкерлерінің еңбегіне берілген жоғары баға мен қолдаудың нақты көрінісі.

Министрліктің мәліметінше, байқау еліміздің барлық аймақтарында жоғары кәсіби біліктілік танытып жүрген мамандарды анықтап, денсаулық сақтау жүйесінің дамуына қосқан үлестерін атап өту мақсатында жыл сайын өткізіледі.

Тегтер: