Депутат Қайрат Құдайберген қамауға алынды

22 Сәуір 2022

Алматы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген ұсталды.

Бұл туралы Алматы қалалық прокуратура арнайы ресми ақпарат беретінін мәлім етті.

Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, Қайрат Құдайберген жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін айыпталған (ҚР ҚК 272-бабының 1-бөлігі және 2-бөлігі).

«Ақыры мені жауап алуға шақырды. Иә, қаңтардағы оқиғалар бойынша жауап алуға куәгер ретінде», – деп жазған болатын өзі ақпанда әлеуметтік желіде.

Депутат Қайрат Құдайберген қамауға алынды
Тегтер: