Депутаттар «Қазақ анимациясын» «Қазақфильмнен» бөліп тастамақ

14 Қараша 2024

«Қазақ анимация» шығармашылық бірлестігінің айналасындағы дау бүгін Мәжілисте да айтылды. Креативті индустрии дамытуға арналған заң жобасын талқылаған топ аталмыш шығармашылық ұжымды «Қазақфильмен» бөлек шығару мәселесін де талқыға салды.

Ділшат Рахматуллин
Ділшат Рахматуллин

Продюсер Алмас Жали «Қазақ анимациясы» бірлестігін тәуелсіз ұйым етуді ұсынды. Мәдениет және ақпарат министрлігінің атынан келген мамандар бұл ұсынысқа нақты жауап бере алмады. Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов ведомство өкілдерінің бұл талқылауға нақты ұстанымсыз келгеніне өкініш білдірді.

Отырыстан кейін креативті индустрияны дамытуды көздейтін заң жобасын әзірлеуші жұмыс тобының жетекшісі Нартай Сәрсенғалиев осы мәселе туралы пікір білдірді.

«Анимация өкілдері «Қазақ анимация» шығармашылық бірлестігін «Қазақфильмнен» бөлек шығарыңыздар деп отыр. Шынын айтсақ, біз анимациямыздың деңгейі кенже қалғанын білеміз. Сала маманының өзі тіпті «Болашақпен» оқып келген мамандарды қосымша оқыту керек дегенді айтты. Сонда бізде лайықты мамандарды шетелге жіберу үшін іріктеуде проблема бар деген сөз», - дейді депутат.

Сондай-ақ ол «Қазақ анимациясы» бірлестігі Қазақфильмнің» құрамында болған жылдары айтарлықтай нәтиже көрсетпегенін айтады.

«Осы уақыттың ішінде нәтиже бермегенін көріп отырмыз. Демек оны бөлек шығару керек. Мен бұл ұсынысты дұрыс деп есептеймін. Сонда олар мемлекеттің мойнына салмақ сала бермей, өздері де қаражат табуға әрекеттенер еді. Мамандар айтты, Ресей мен Украинадан қаншама аниматорлар келіп жатыр?! 3D анимация жасайтын мамандар соның көбі. Олар біздің бюджеттің ауқымды бөлігін әкетіп жатыр. Сондықтан біз бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауымыз керек. Министрлік арнайы қор құрып, соның ішіне кіргізсек дегенді айтты. Біз ондай қорды қолдамаймыз. Өйткені Алмас Жали деген креатордың өзі айтып отырғаны дұрыс. Astana hub сияқты дайын платформа тұрғанда неге жаңа қор құрып, «Оператор РОП» сияқты тиімсіз мекеме ашқанның не қажеті бар? Қазақ анимациясын қор арқылы дамытамыз деу қашпаған сиырдың уызынан дәметкенмен бірдей. Өмірбақи бір компанияның құрамында болды, нәтиже болмады. Мүмкін жеке жіберіп көрерміз? Заң жобасын кеше ғана алдық. Сол кезде осы ұсынысты енгіземіз», - дейді Нартай Сәрсенғалиев.

Тегтер: