Дикий Арманға ҰҚК кураторы тапсырма беріп отырған

5 Қаңтар 2023

ҚР Бас прокуроры Берік Асылов қаңтар оқиғасына дайындық 2021 жылы бір жыл бойы жүргізілгенін айтты.

Алматыда Жұмагелдиев (лақап аты Дикий Арман) ерекше рөл атқарған.

«Ол тәртіпсіздіктерді ұйымдастырып, адамдар тобын басқаруды өз қолына алып, билікке бұлтартпас талап қою үшін «халық кеңесі» дегенді құруы тиіс болған. Оған Алматы қалалық мәслихатының экс-депутаты, сондай-ақ қылмыстық топтың белсенді мүшесі Махатов көмектескен, ол Алматыдағы «Қазақстан» қонақ үйіне келуші бандиттерді қаруландырған. Алайда олар жаппай наразылықты басқара алмады. Халық оларға ермеген», — деді Берік Асылов.

Дикий Арманға ҰҚК кураторы тапсырма беріп отырған
Тегтер: