Димаш Құдайберген Айдос Ербосынұлының сауығып кетуіне тілектестік білдірді

8 Қараша 2022

Димаш Құдайберген боксшы Айдос Ербосынұлының тезірек сауығып кетуіне тілектес екенін жеткізді.

«Қазақтың нағыз намысты жігіті!Алла шипасын берсін. Тезірек сауығып, отбасың мен еліңді қуантуға жазсын. Дұғадамыз…», — деп жазды әнші өзінің инстаграм парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, 6 қарашада Айдос Ербосынұлы екінші орта салмақтағы WBA Regular әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жекте кубалық Давид Моррельден нокаутпен жеңілгеннен кейін жасанды комаға түскен болатын.

Димаш Құдайберген Айдос Ербосынұлының сауығып кетуіне тілектестік білдірді
Тегтер: