Динара Дауылқызы әйелдер күресінен U20 әлем чемпионатында қола жүлде үшін белдеседі

19 Тамыз 2026

Қазақстандық балуан Динара Дауылқызы Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды.

UWW
Фото: UWW

Отандасымыз 53 келіге дейінгі салмақта жұбаныш белдесуінде сәтті өнер көрсетті.

Дауылқызы Қырғызстан өкілі Эльмира Карабалаеваны сенімді түрде жеңді. Енді қола медаль үшін өтетін белдесуде Динара Өзбекстан өкілі Сакибжамал Есбосыновамен кездеседі.

Айта кетейік, бір күн бұрын Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен Қазақстан қоржынына алтын медаль салған еді.

Тегтер: