Джиу-джитсу шебері Алдияр Серік Ислам ойындарының жеңімпазы атанды

20 Қараша 2025

Қазақстандық джиу-джитсу шебері Алдияр Серік Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль жеңіп алды.

Нұрғали Жұмағазы/ҚР ҰОК
Нұрғали Жұмағазы/ҚР ҰОК

Серік 69 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында жеңіске жетті. ҚР ҰОК мәліметінше, финалда қазақстандық спортшы Мохаммед Хураймиланы (Сауд Арабиясы) жеңді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының еншісінде 13 алтын медаль бар.

Тегтер: