Екібастұз энергия торабының жұмысы қалпына келтірілді
19 Маусым 2025
2025 жылғы 19 маусымда болған апаттық ажыратудан кейін Екібастұз энергия торабындағы 500 кВ әуе желісі арқылы электрмен жабдықтау схемасы толық қалпына келтірілді, деп хабарлайды «KEGOC» АҚ баспасөз қызметі.

— Электр жеткізу желілеріндегі апат салдары жойылды. Мамандардың жедел әрекет етіп, энергия жүйесінің тұрақты жұмысын қалпына келтірді. Бұл ретте Қазақстан БЭЖ-інің Оңтүстік аймағы мен Орталық Азияның БӘЖ-іне аварияның салдарын барынша азайтты. Сағат 19:08–де Қазақстанның Солтүстік және Оңтүстік аймақтарының параллель жұмысы қалпына келтіріліп, тұтынушыларға енгізілген шектеулерді алып тастау жұмыстары басталды, — делінген «KEGOC» АҚ хабарламасында.